Әлемде мыс қымбаттады
Нарықта мыс қымбаттады. Бағаның бұл жолғы шарықтауы бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Металдың бір тоннасы Лондон биржасында 14 мың 617 долларға дейін көтерілген.
Bloomberg мәліметі бойынша, жыл басынан бергі жалпы өсім – 17 пайыз. Сарапшылар: «Бұған АҚШ тазартылған мыс импортына жаңа Баж салығын енгізуі мүмкін деген ақпарат себеп», - дейді. Трейдерлер АҚШ-қа өнім жеткізу ісін жеделдетіп, соның салдарынан басқа нарықтардағы мыстың қоры азая түскен.
Айта кетейік, бұл метал энергетика саласында, электр желілері, мәліметтерді өңдеу орталықтары мен Жасанды интеллект жобаларында кеңінен пайдаланылады.