RU
Толық нұсқаға өту

БАӘ мен Иран тікелей келісім жасауға тиіс

14.09.2026, 10:10 74

Өңірде қақтығыс басылды. Әуе соққылары сиреді. Аттандаған жұрттың арыны басылып, келісімге келе бастады. Араб елдері мен Иран ешкімнің араласуынсыз, өздері кездесіп, тікелей пікірлесуге көшті. Тіпті көпжақты ресми келіссөздерге кезек келді.

Бірер күн бұрын Үндістан астанасында өткен БРИКС саммитінде әмірліктердің тақ мұрагері мен Иран Президенті кездессе, бүгін Оманға шығанаққа жағалай қонған 8 мемлекеттің Сыртқы Істер министрлері жиналуы қажет еді. Бұл жолғы басқосудан аймаққа әмірін жүргізгісі келетін АҚШ шенділері ғана шет қалған. Бұдан өзге мүдделі тарап түгел Маскатта болуға уағдаласқан. Алайда өңірлік келіссөз өтпей қалды. Оман Сыртқы Істер министрі таратқан мәлімдемеде «Барлық тараптың ортақ мәмілеге қол жеткізуі үшін кездесу кейінге қалдырылды» делінген. Соған қарағанда басқосу уақыты еш себепсіз шегерілген жоқ. Бұл тараптардың әлі де саудаласатын, бір-бірінің талабын таразылайтын тұстары бар екенін көрсетеді.

Сарапшылардың айтуынша, қақтығыс басталғалы мұндай басқосу болмаған. Осындай жиындарға көз тігіп, тыныштық пен өз елінің амандығын тілеп отырған жұрт көп.

Әрине, бұл жерде Иранның қандай да бір талапқа иліге қоюы қиын. Дегенмен арабтарға сыртқы күштердің әсерін азайту үшін кей мәселеде уақытша болса да келісе салуы әбден ықтимал. Келісім болсын десе, Араб елдері де Иранға құлақ асуға тиіс. Бірақ бұл бірер күн болмаса, бірер жылда бола қояр шаруа емес.

Мәселен, күн тәртібінде АҚШ әскерін аймақтан толық шығару мәселесі тұр. Бұл – шығанақ мемлекеттеріне қойылған басты талап. Араб әлемі қабылдай қоюы қиын ұсыныс. Қазірдің өзінде ресми Доха келіссөз қарсаңында жарияланған Иранның кей шарттарына өз жауабын айтып та жатыр. Қатар мұны «Әл Жазира» телеарнасы арқылы жеткізді.

Ал оңтайлы ұсыныстың бірі - «Үміт» коалициясын құру. Бұл 2019 жылғы бастама. Қазір қайта күн тәртібіне шықты. Мұндағы мақсат – су жолын бірлесіп қорғау, 8 мемлекетті бір жүйеге жұмылдыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz