RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қабарда-Балқариядағы қар көшкінінен қаза тапқан соңғы альпинистің денесі табылды

14.09.2026, 15:44 66

Ресейдің Қабарда-Балқария Республикасындағы Безенги шатқалында қар көшкінінен қаза тапқан соңғы 17-альпинистің денесі табылды. Құтқарушылар оның денесін тікұшақпен Нальчикке жеткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Қабарда-Балқария Республикасындағы бас басқармасының мәліметінше, Безенги шатқалындағы іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Қаза тапқан альпинистің денесі тікұшақпен эвакуацияланған.

Росгвардияның мәліметінше, қаза болғандардың арасында ведомство қызметкерлері де бар.

Айта кетейік, қар көшкіні 6 қыркүйекте Мижирги тауының баурайында болды. Альпинистер тобының құрамында барлығы 33 адам болған. Оның 10-ы таудан өздігінен түскен. Тағы алты альпинист жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

Оқиғаға байланысты Ресей Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Тергеу қызметтік салғырттық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz