Жапонияда Дудзюань дауылынан қаза тапқандар саны тоғызға жетті. Тағы төрт адам ұшты-күйлі жоқ.
Канагава мен Тиба префектураларында 25 мыңға жуық үй жарықсыз қалған. Көшкіннен 500-ден астам тұрғын үй бүлінген. Сондай-ақ аймақта жүзден астам көлік су астында қалып, жол қозғалысы қиындады. Құтқару қызметтері апат аймағында хабарсыз кеткендерді іздеп жатыр.
Тегтер #Жапония #дауыл #қаза тапқандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz