Жапонияда дауылдан қаза тапқандар саны артты
Жапонияда Дудзюань дауылынан қаза тапқандар саны тоғызға жетті. Тағы төрт адам ұшты-күйлі жоқ.
Канагава мен Тиба префектураларында 25 мыңға жуық үй жарықсыз қалған. Көшкіннен 500-ден астам тұрғын үй бүлінген. Сондай-ақ аймақта жүзден астам көлік су астында қалып, жол қозғалысы қиындады. Құтқару қызметтері апат аймағында хабарсыз кеткендерді іздеп жатыр.