Таиландта толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Осыған байланысты ел астанасы Бангкок апат аймағы деп жарияланды.
Кейінгі екі тәулікте жауын-шашын мөлшері 300 миллиметрге жеткен. Салдарынан арналардағы су деңгейі күрт көтеріліп, үйлер мен көшелерді су басып жатыр. Елдегі 20-дан астам провинцияның 84 мың тұрғынына ескерту жіберілді. Билік Таиландтың шығыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарында су тасқыны, сел және өзендердің арнасынан асу қаупі әлі сақталатынын мәлімдеді.
Тегтер #Бангкок #апат аймағы #жаңбырPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz