Бангкок апат аймағы деп жарияланды

Таиландта толассыз жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Осыған байланысты ел астанасы Бангкок апат аймағы деп жарияланды. 

Кейінгі екі тәулікте жауын-шашын мөлшері 300 миллиметрге жеткен. Салдарынан арналардағы су деңгейі күрт көтеріліп, үйлер мен көшелерді су басып жатыр. Елдегі 20-дан астам провинцияның 84 мың тұрғынына ескерту жіберілді. Билік Таиландтың шығыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарында су тасқыны, сел және өзендердің арнасынан асу қаупі әлі сақталатынын мәлімдеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: