Қытай жасанды интеллектіге негізделген роботтарды оқытатын арнаулы орталықтар аша бастады. Бұл – гуманоид жасау ісін ілгерілетуге бағытталған қадам. Әзірге осындай нысан саны 70-тен асады.
Тағы 40-қа жуығы салынып жатыр. «Синьхуа» агенттігінің мәліметі бойынша, инновациялық құралдар кеңістікте еркін қимылдауды, басқа заттармен әрекеттесуді және тұрмыстық тапсырмаларды орындауды үйренеді. Қазір Қытайда гуманоид-робот өндіретін 140-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ал әлемдік тапсырыс көлемі 80 пайызға өскен.
Тегтер #24KZ #Қытай #роботтар #гуманоид роботтар #жасанды интеллектPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz