Қытайда роботтарды оқытатын орталық ашылды

Қытай жасанды интеллектіге негізделген роботтарды оқытатын арнаулы орталықтар аша бастады. Бұл – гуманоид жасау ісін ілгерілетуге бағытталған қадам. Әзірге осындай нысан саны 70-тен асады.

Тағы 40-қа жуығы салынып жатыр. «Синьхуа» агенттігінің мәліметі бойынша, инновациялық құралдар кеңістікте еркін қимылдауды, басқа заттармен әрекеттесуді және тұрмыстық тапсырмаларды орындауды үйренеді. Қазір Қытайда гуманоид-робот өндіретін 140-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ал әлемдік тапсырыс көлемі 80 пайызға өскен.

Сондай-ақ оқыңыз: