Әлемде 8,3 млн-нан астам босқын БҰҰ-ның гуманитарлық көмегіне мұқтаж, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған ұйым бағдарламаларын қаржыландырудың жетіспеуі себеп. Биыл БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігіне 8,5 миллиард доллар қажет. Алайда қажетті қаржының 32 пайызы ғана жиналған. Салдарынан балаларды қорғау, босқындарды тіркеу және зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары қысқарып жатыр. Әсіресе Чад, Судан және Ауғанстандағы жағдай күрделі.
Тегтер #24KZ #босқындар #БҰҰ #гуманитарлық көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz