Әлемде 8,3 млн босқын БҰҰ-ның көмегіне мұқтаж

Әлемде 8,3 млн-нан астам босқын БҰҰ-ның гуманитарлық көмегіне мұқтаж, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған ұйым бағдарламаларын қаржыландырудың жетіспеуі себеп. Биыл БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігіне 8,5 миллиард доллар қажет. Алайда қажетті қаржының 32 пайызы ғана жиналған. Салдарынан балаларды қорғау, босқындарды тіркеу және зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары қысқарып жатыр. Әсіресе Чад, Судан және Ауғанстандағы жағдай күрделі.

Сондай-ақ оқыңыз: