Сирияда «Тишрин» газ құбыры жарылды, деп хабарлайды «24KZ».
Осыған байланысты ел астанасы Дамаск маңындағы 3 электр стансасының жұмысы тоқтап қалды. Жергілікті мемлекеттік «Еқ-бар-иа» телеарнасының хабарлауынша, 2 адам жараланған. Сирияның Азаматтық қорғаныс қызметі өрттің сөндірілгенін және қазіргі уақытта салқындату кезеңіне көшкенін айтады. 3 бірдей стансаның газ беруді бірден тоқтатуы электр энергиясының тапшылығын тудырып жатыр.
Тегтер #24KZ #Сирия #газ құбыры #жарылысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz