Сирияда газ құбыры жарылды

Сирияда «Тишрин» газ құбыры жарылды, деп хабарлайды «24KZ».

Осыған байланысты ел астанасы Дамаск маңындағы 3 электр стансасының жұмысы тоқтап қалды. Жергілікті мемлекеттік «Еқ-бар-иа» телеарнасының хабарлауынша, 2 адам жараланған. Сирияның Азаматтық қорғаныс қызметі өрттің сөндірілгенін және қазіргі уақытта салқындату кезеңіне көшкенін айтады. 3 бірдей стансаның газ беруді бірден тоқтатуы электр энергиясының тапшылығын тудырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: