RU
Толық нұсқаға өту

Латвия НАТО-дан ядролық қару сұрады

01.10.2026, 19:45 45

Альянсқа мүше елдер рұқсат етсе, өз аумағына орналастыруға ниетті.

Өйткені заң жүзінде ешқандай кедергі жоқ. Мұны Латвия Президенті мәлімдеді. Эдгар Ринкевичтің айтуынша, ядролық қару - еуропалық қауіпсіздіктің басты кепілі. Десе де, әзірге тараптар арасында келіссөз жүріп жатқан жоқ.  Осыған дейін Франция Президенті одақтас елдерге "ядролық қолшатыр" жүйесін ұсынуға дайын екенін айтқан еді. Қазір кәрі құрлықтың 5 елі, яғни Түркия, Бельгия, Германия, Италия және Нидерландта АҚШ-тың ядролық қаруы бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz