Латвия НАТО-дан ядролық қару сұрады
Альянсқа мүше елдер рұқсат етсе, өз аумағына орналастыруға ниетті.
Өйткені заң жүзінде ешқандай кедергі жоқ. Мұны Латвия Президенті мәлімдеді. Эдгар Ринкевичтің айтуынша, ядролық қару - еуропалық қауіпсіздіктің басты кепілі. Десе де, әзірге тараптар арасында келіссөз жүріп жатқан жоқ. Осыған дейін Франция Президенті одақтас елдерге "ядролық қолшатыр" жүйесін ұсынуға дайын екенін айтқан еді. Қазір кәрі құрлықтың 5 елі, яғни Түркия, Бельгия, Германия, Италия және Нидерландта АҚШ-тың ядролық қаруы бар.