Сауд Арабиясы негізгі сорты – «Араб Лайт» мұнайын Азияға төмен бағамен сатады, деп хабарлайды 24KZ.
Saudi Aramco мемлекеттік компаниясының хабарлауынша, 1 баррель 3 долларға арзандайды. Сарапшылар кейінгі 6 жылда мұндай көлемде жеңілдік жасалмағанын айтады. Аталған шешім аймақта сұраныс төмендеп, логистикаға кететін шығынның орнын толтыру қажеттігі туындаған кезде қабылданып отыр. АҚШ үшін баға өзгеріссіз қалады. Ал Солтүстік-Батыс Еуропа мен Жерорта теңізі аймағы үшін мұнайдың баррелі керісінше 3 долларға қымбаттайды.
Тегтер #24KZ #Саудия #мұнай бағасы #Азия #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz