Саудия Азия үшін мұнай бағасын төмендетеді

Сауд Арабиясы негізгі сорты – «Араб Лайт» мұнайын Азияға төмен бағамен сатады, деп хабарлайды 24KZ.

Saudi Aramco мемлекеттік компаниясының хабарлауынша, 1 баррель 3 долларға арзандайды. Сарапшылар кейінгі 6 жылда мұндай көлемде жеңілдік жасалмағанын айтады. Аталған шешім аймақта сұраныс төмендеп, логистикаға кететін шығынның орнын толтыру қажеттігі туындаған кезде қабылданып отыр. АҚШ үшін баға өзгеріссіз қалады. Ал Солтүстік-Батыс Еуропа мен Жерорта теңізі аймағы үшін мұнайдың баррелі керісінше 3 долларға қымбаттайды.

Сондай-ақ оқыңыз: