Тынық мұхитының беті рекордтық деңгейде жылып келеді, деп хабарлайды 24KZ.
Climate Reanalyzer сарапшыларының бағалауынша, көрсеткіш 30 градустан асқан. Ғалымдар мұны Эль-Ниньо табиғи құбылысымен байланыстырады. «Бұл әлемдегі климаттық өзгеріске әсер етіп, табиғи апаттарды жиілетуі мүмкін», – дейді мамандар. Қазірдің өзінде осы құбылыс салдарынан Азияда құрғақшылық күшейіп, Америка мен Африкада нөсер мен су тасқыны жиілеген.
Тегтер #24KZ #тынық мұхиты #Азия #Америка #Африка #Жаһандық жылыну #құрғақшылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz