Тынық мұхитының суы жылып келеді

Тынық мұхитының беті рекордтық деңгейде жылып келеді, деп хабарлайды 24KZ.

Climate Reanalyzer сарапшыларының бағалауынша, көрсеткіш 30 градустан асқан. Ғалымдар мұны Эль-Ниньо табиғи құбылысымен байланыстырады. «Бұл әлемдегі климаттық өзгеріске әсер етіп, табиғи апаттарды жиілетуі мүмкін», – дейді мамандар. Қазірдің өзінде осы құбылыс салдарынан Азияда құрғақшылық күшейіп, Америка мен Африкада нөсер мен су тасқыны жиілеген.

Сондай-ақ оқыңыз: