Үндістанда діни мерекені тойлауға жиналған халық бірін бірі таптап, 19 адам мерт болды.
Тағы 25-і түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Калькутта қаласында Дургапуджа фестивалі кезінде болды. Жаңбыр жауып, жүздеген адам ғимаратқа кірмек болып бір-бірін басқан, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. Елдің премьер-министрі Нарендра Моди көңіл айтып, зардап шеккендерге өтемақы төленетінін мәлімдеді.
Тегтер #Үндістан #мереке #24KZ арнасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz