Үндістанда діни мереке кезінде 19 адам тапталып қалып, көз жұмды

Үндістанда діни мерекені тойлауға жиналған халық бірін бірі таптап, 19 адам мерт болды.

Тағы 25-і түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Калькутта қаласында Дургапуджа фестивалі кезінде болды. Жаңбыр жауып, жүздеген адам ғимаратқа кірмек болып бір-бірін басқан, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. Елдің премьер-министрі Нарендра Моди көңіл айтып, зардап шеккендерге өтемақы төленетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: