Иран билігі Ормуз бұғазында теңіз қатынасы ережелерін бұзды деген айыппен 122 кемені қара тізімге қосты.
Бұл туралы ирандық басылымдар хабарлады. Мәліметке сәйкес, 40-тан астам танкерге қатысты шара қабылданған. Қазір 19 кеме билікпен келіссөз жүргізіп жатыр. Ал екі кеме Иран қойып отырған талаптарды орындауға келісіп, тізімнен шығарылды. Тағы 30-ға жуығына ескерту берілген. Иран билігі талапқа келіспегендер қара тізімге ілігеді деп мәлімдеді.
Тегтер #Таяу Шығыс #Иран #қара тізім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz