Иорданияда жерлеу рәсімі кезінде шіркеуде атыс болды.
Салдарынан кемінде 7 адам көз жұмды, 34-і жараланған. Бұл туралы жергілікті мемлекеттік басылымдар хабарлады. Оқиға елдің Әл-Карак провинциясындағы Хамуд елді мекенінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша қаруланғандар шіркеу маңында жерлеу рәсіміне қатысып тұрған адамдарға оқ жаудырған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы шабуылды қатаң айыптап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Елде ұлттық аза тұту жарияланды. Құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Тегтер #Таңдаулы #Иордания #аза тұту #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz