Иорданиядағы атыс: елде ұлттық аза тұту күні жарияланды

Иорданияда жерлеу рәсімі кезінде шіркеуде атыс болды.

Салдарынан кемінде 7 адам көз жұмды, 34-і жараланған. Бұл туралы жергілікті мемлекеттік басылымдар хабарлады. Оқиға елдің Әл-Карак провинциясындағы Хамуд елді мекенінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша қаруланғандар шіркеу маңында жерлеу рәсіміне қатысып тұрған адамдарға оқ жаудырған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы шабуылды қатаң айыптап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Елде ұлттық аза тұту жарияланды. Құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: