«Экзитполдың» бастапқы мәліметі бойынша, елдегі ешбір саяси күш 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаған. Үкімет жасақталу үшін кемінде 61 орын болуы керек.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазіргі премьер-министр Биньямин Нетаньяху басқаратын «Ликуд» партиясы Кнессеттегі 120 орынның 25-іне ғана ие болады. Бұл коалицияға кіретін партиялар бас-аяғы 50 орынды иеленеді. Азаматтардың сайлауға қатысу деңгейі 74 пайызға жеткен. Бұл – 1988 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Жалпы саяси науқанға 36 партиядан үміткерлер қатысқан.
Тегтер #Израиль #парламент #сайлау #дауыс #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz