Израиль Газаның бірнеше аймағын тағы бомбалады. Әуе шабуылдарынан 3 адам қаза тапқан. Жараланғандар бар. Тель-Авив «Хамас» сарбаздарын нысанаға алғанын айтады. Олар соққы жасалатынын тұрғындарға алдын ала ескерткен.
Кейінгі 1 жылдың көлемінде Израиль шабуылдарынан ажал құшқан палестиналықтар саны 1550 адамнан асты.
Ал 2023 жылдан бергі қақтығыстан құрбан болғандар қатары 74 мыңға жеткен. 2 миллионға жуық палестиналық босқынға айналды. Анклавтың 90 пайыздан астам аумағы қираған.
Тегтер #Израиль #шабуыл #Газа #әуе шабуылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz