Израиль шабуылынан 3 адам қаза тапты

Израиль Газаның бірнеше аймағын тағы бомбалады. Әуе шабуылдарынан 3 адам қаза тапқан. Жараланғандар бар. Тель-Авив «Хамас» сарбаздарын нысанаға алғанын айтады. Олар соққы жасалатынын тұрғындарға алдын ала ескерткен.

Кейінгі 1 жылдың көлемінде Израиль шабуылдарынан ажал құшқан палестиналықтар саны 1550 адамнан асты. 

Ал 2023 жылдан бергі қақтығыстан құрбан болғандар қатары 74 мыңға жеткен. 2 миллионға жуық палестиналық босқынға айналды. Анклавтың 90 пайыздан астам аумағы қираған.

Сондай-ақ оқыңыз: