The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, шабуыл нысандарының бірі – Ормуз бұғазындағы Кешм аралы. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпар жоқ. Вашингтон АҚШ әскерінің әрекетін «қорғаныс сипатындағы операция» деп атады.
Басылымның мәліметі бойынша шабуылдың мақсаты – Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерге төнген қауіпті жою. Иранның IRNA ақпарат агенттігі аралда кемінде бес жарылыс болғанын хабарлады. Ислам революциясы сақшылар корпусы аймақта төрт америкалық дронның көзі жойылғанын мәлімдеді.
Тегтер #АҚШ #Иран #Ормуз бұғазы #кемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz