АҚШ Иранға тағы соққы жасады
The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, шабуыл нысандарының бірі – Ормуз бұғазындағы Кешм аралы. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпар жоқ. Вашингтон АҚШ әскерінің әрекетін «қорғаныс сипатындағы операция» деп атады.
Басылымның мәліметі бойынша шабуылдың мақсаты – Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерге төнген қауіпті жою. Иранның IRNA ақпарат агенттігі аралда кемінде бес жарылыс болғанын хабарлады. Ислам революциясы сақшылар корпусы аймақта төрт америкалық дронның көзі жойылғанын мәлімдеді.