Афинадағы университет аумағында әлдекімдер студенттерді пышақтап кетті. Бет-жүзін бүркегендердің кім екені анықталған жоқ. 3 адам жараланған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Дәрігерлер: «Зардап шеккендердің жағдайын қалыпты», - дейді. Қаскөйлер алдымен отты шөлмектер лақтырған. Бірақ полиция келгенше із жасырып үлгерген. Шабуылдың не үшін жасалғаны әзірге беймәлім. Тергеу басталды.
Грекия Білім министрлігі оқиғаны қатаң айыптап: «Бұл академиялық қауымдастық пен пікір білдіру еркіндігіне жасалған ауыр соққы», - деп мәлімдеді.
Тегтер #Афина #студент #шабуыл #аурухана #ГрекияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz