Афинада студенттерге шабуыл жасалды

Афинадағы университет аумағында әлдекімдер студенттерді пышақтап кетті. Бет-жүзін бүркегендердің кім екені анықталған жоқ. 3 адам жараланған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Дәрігерлер: «Зардап шеккендердің жағдайын қалыпты», - дейді. Қаскөйлер алдымен отты шөлмектер лақтырған. Бірақ полиция келгенше із жасырып үлгерген. Шабуылдың не үшін жасалғаны әзірге беймәлім. Тергеу басталды. 

Грекия Білім министрлігі оқиғаны қатаң айыптап: «Бұл академиялық қауымдастық пен пікір білдіру еркіндігіне жасалған ауыр соққы», - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: