Қытай алғаш рет шетел азаматын ғарышқа ұшырды. 40 жастағы пәкістандық Мұхаммад Зишан Әли өз елінің де тұңғыш ғарышкері атанып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Үш адамнан тұратын экипаж «Шэньчжоу-24» атты ғарыш кемесімен орбитаға аттанды. Зымыран Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзю-цюань ғарыш айлағынан Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де ұшырылды. Ол Қытайдың «Тяньгун» ғарыш станциясына бағыт алды. Экипаж құрамында Қытайдың екі азаматы бар.
Тегтер #24KZ #Қытай #ғарыш #орбита #Бейжің #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz