Қытайдан шетел азаматы ғарышқа ұшты
Қытай алғаш рет шетел азаматын ғарышқа ұшырды. 40 жастағы пәкістандық Мұхаммад Зишан Әли өз елінің де тұңғыш ғарышкері атанып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Үш адамнан тұратын экипаж «Шэньчжоу-24» атты ғарыш кемесімен орбитаға аттанды. Зымыран Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзю-цюань ғарыш айлағынан Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де ұшырылды. Ол Қытайдың «Тяньгун» ғарыш станциясына бағыт алды. Экипаж құрамында Қытайдың екі азаматы бар.