Тиісті заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кейінгі жылдары бұл елде қабандар көбейе бастаған. Бұдан шаруалар зардап шегіп отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Италия экология агенттігінің дерегі бойынша, 2021 жылы қабандардың саны 1 жарым млн-ға жеткен еді. Ал ауыл шаруашылығына келетін шығын жылына 17 млн еуродан асады. Әйтсе де, бұл бастамаға табиғат жанашырлары үзілді-кесілді қарсы. Аң аулау тәртібінің өзгеруі жануарлардың қырылуына әкеледі. Бұл ЕуроОдақтың табиғатты қорғау талабына қайшы екенін айтады.
Тегтер #24KZ #Италия #заң жобасы #аң аулау #табиғатты қорғауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz