Испанияның Канар аралдары маңында жүзден астам мигрант мінген қайықтан 14 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы елдің Теңіздегі құтқару қызметі мен EFE агенттігі хабарлаған, деп хабарлайды 24KZ.
Гамбиядан шыққан кеме Эль-Йерро аралынан 72 шақырым жерде табылған. Оның қозғалтқышы сынып, жолаушылар ашық мұхитта 10 күн бойы ас-сусыз қалған. Тоңып та қалған. Қазір жағдайы өте ауыр 6 адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Қалған 84 жолаушы Ла-Рестинга айлағындағы қабылдау орталығына орналастырылды. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. Айта кетейік, кейінгі аптада аймаққа бас сауғалап келген заңсыз мигранттар саны рекордтық деңгейге жетті. Бір тәулікте аралда 2 мыңнан астам адам тұрақтады.
Тегтер #24KZ #Канар аралы #мигранттар #Испания #қаза таптыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz