Испания жағалауында 14 мигрант ажал құшты
Испанияның Канар аралдары маңында жүзден астам мигрант мінген қайықтан 14 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы елдің Теңіздегі құтқару қызметі мен EFE агенттігі хабарлаған, деп хабарлайды 24KZ.
Гамбиядан шыққан кеме Эль-Йерро аралынан 72 шақырым жерде табылған. Оның қозғалтқышы сынып, жолаушылар ашық мұхитта 10 күн бойы ас-сусыз қалған. Тоңып та қалған. Қазір жағдайы өте ауыр 6 адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Қалған 84 жолаушы Ла-Рестинга айлағындағы қабылдау орталығына орналастырылды. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. Айта кетейік, кейінгі аптада аймаққа бас сауғалап келген заңсыз мигранттар саны рекордтық деңгейге жетті. Бір тәулікте аралда 2 мыңнан астам адам тұрақтады.