Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бүгінде елімізде 120-дан астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүреді. Республикада 35 Достық үйі бар. Олар мыңнан астам этномәдени бірлестікті бір шаңырақ астына біріктіріп отыр. Былтыр бұл орталықтарда 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған. Ал жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен 15 мыңнан астам шара өткен.
Сондай-ақ қоғамдық институт жұмысының басым бағытының бірі – этномедиацияны дамыту. Өткен жылы арнайы дайындықтан 200-ден астам кәсіби этномедиатор өтті. 30-ға жуық семинар ұйымдастырылып, 2 мыңдай азамат білім алды.
Тегтер #ҚХА 30 #Достық үйі #Этномәдени бірлестіктер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz