Археологтар Жошы дәуіріндегі қоныстардың орындарын зерттейді, деп хабарлайды 24kz.
Тамыздың 25-і күні арнайы экспедиция жолға шығады. Ғалымдар бір ай бойы Ақмола облысы аумағында барлау һәм қазба жұмыстарын жүргізеді. Жобаға бас-аяғы жиырмаға жуық маман қатысады. Зерттеушілер XII-XIV ғасырлардағы қалалардың орындарын, ондағы тұрмыста қолданылған жәдігерлерді тауып, тың мәліметтер жинауға үміттеніп отыр.
Тегтер #Ақмола облысы #археологтар #қазба жұмыстары #мәдени мұраPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz