RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда Biken Fest театр фестивалі басталды

25.05.2026, 21:00 29

Талдықорғанда «BIKEN FEST» халықаралық театр фестивалі басталды.

Айтулы шара осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған Түркия, Грузия және Өзбекстаннан және еліміздің 8 өңірінен келген өнер ұжымдары қатысып жатыр. Артистер қауымы алдағы төрт күн бойы өздерінің үздік деп танылған спектакльдерін сахналап көпшілік назарына тегін ұсынатын болады. Олардың еңбегін өнер майталмандарынан тұратын қазылар алқасы бағалайды. Қазақстанның Халық артисі Бикен Римованың есімімен аталатын фестиваль жас режиссерлер, актерлер, драматургтер мен суретшілердің кеңінен танылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар көршілес елдердің және аймақтық театрлардың мәдени байланысын арттыруға ықпал етеді.

Гочча Кабанадзэ, И.Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театрының режиссері:

- Мен қазақ халқының салт-дәстүрімен, фольклорын, көп ғасырлық тарихымен танысып, әуезді әнін тыңдағым келеді. Осындай фестиваль екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтады. Ал спектакльдерден ұтымды шешімдерді, жақсы шыққан туындыларды көріп, өз қойылымдарымызда қолданамыз.  

Еркін Жуасбеков, қазылар алқасының төрағасы:

- Ұлттың мәдениеті де жылдар сайын әлемдік үдеріске сай дамып отыруы керек. Сол тұрғыдан келген кезде сахнадан көрерменге сүбелі ой айту үшін, кәсіби деңгейде көрерменді баурап алатын жүректен жүрекке жететін дүниелер тууы үшін осындай тәжірбие алмасулардың құндылығы зор. Сондықтан не береді дегенде алға қарай өсуге мүмкіндік, меже береді деп айтар едім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz