Талдықорғанда Biken Fest театр фестивалі басталды

Талдықорғанда «BIKEN FEST» халықаралық театр фестивалі басталды.

Айтулы шара осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған Түркия, Грузия және Өзбекстаннан және еліміздің 8 өңірінен келген өнер ұжымдары қатысып жатыр. Артистер қауымы алдағы төрт күн бойы өздерінің үздік деп танылған спектакльдерін сахналап көпшілік назарына тегін ұсынатын болады. Олардың еңбегін өнер майталмандарынан тұратын қазылар алқасы бағалайды. Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың есімімен аталатын фестиваль жас режиссерлер, актерлер, драматургтер мен суретшілердің кеңінен танылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар көршілес елдердің және аймақтық театрлардың мәдени байланысын арттыруға ықпал етеді.