Қостанай облысында қар құрсауында қалып қойған 98 адам құтқарылды, деп хабарлайды 24kz.
Оның 18-і балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жолаушылар Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде тұрып қалған. Құтқарушылар сегіз жеңіл көлікті жолдың тазартылған аумағына сүйреп шығарды. 7 адам жылыту бекетіне жеткізілді. «Сарыкөл – Комсомольское» тасжолында бөгеліп қалған жеңіл көліктегі азаматтарға көмек көрсетілді. Сондай-ақ Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 21 адам эвакуацияланды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz