Алматыда шетелдік үш азамат ұсталды.
Олар адамдарды алдап, алаяқтықпен айналысқан. Бұл жайлы қалалық қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.
Тінту барысында алты арнайы бокс, 5 мыңнан астам SIM-карта табылған. Бұл арқылы алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасап, хабарламалар жіберіп және абоненттік нөмірлерді өзгерткен. Қазір күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық ісі тіркелді.
Тегтер #Алматы #шетел #алаяқ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz