RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да Бұқтырма су қоймасынан екі бала құтқарылды

06.06.2025, 19:00 651

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында екі бала құтқарылды, деп хабарлады ТЖМ.

Оқиға барысында SUP-бордпен сырғанаған балаларды қатты жел мен ағыс алыстатып әкеткен. 

Балалардың ата-аналары бірден құтқарушыларға хабарласқан. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. 

Құтқарушылар балаларды аман-есен жағаға алып шықты. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына тапсырылды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға мынадай ескертулерді сақтау қажеттігін еске салады: 

  • Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз; 
  • Қайықпен, катамаранмен және SUP-бордпен сырғанағанда құтқару кеудешелерін қолданыңыз; 
  • Ауа райы жағдайын және желдің екпінін қадағалаңыз.
Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz