Алматы полициясы биік ғимараттан құлаған қыздың өліміне қатысты тергеуді бастады. Әлеуметтік желідегі ақпар бойынша бойжеткен 14-ші қабаттан секіріп кеткен. Марқұм Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті болуы мүмкін.
Қалалық полиция оқиғаның Бостандық ауданында болғанын растады. Алайда қайғылы жағдайдың жай-жапсарын жария етпеді. Тәртіп сақшылары расталмаған ақпарат таратпауға және ресми дерекке сүйенуге шақырды.
Тегтер #Алматы #бойжеткен #Заң мен тәртіп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz