Алматыда жер сілкінді. Дүмпу ошағы оңтүстік шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Нақтырақ айтсақ, эпицентрдің тереңдігі 5 шақырым, ал магнитудасы 6.7 бал шамасында болған. Алматыдағы дүмпу деңгейі 3 балға жуықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар жер сілкінісін сағат 12:44-те тіркеген. Әзірге зардап шеккендер мен зақымданған нысандар туралы ақпарат түспеді.
Тегтер #Алматы #жер сілкінісі #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz