Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді. Дүмпу ошағы оңтүстік шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Нақтырақ айтсақ, эпицентрдің тереңдігі 5 шақырым, ал магнитудасы 6.7 бал шамасында болған. Алматыдағы дүмпу деңгейі 3 балға жуықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар жер сілкінісін сағат 12:44-те тіркеген. Әзірге зардап шеккендер мен зақымданған нысандар туралы ақпарат түспеді.