Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданында бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бірінші қабаттағы пәтерде тіркелген, салдарынан кіреберісі тығыз түтінге толды, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖД бөлімшелері келді. Құтқару барысында автосатының көмегімен жоғарғы қабаттағы терезелерден 8 адам, оның ішінде жеті бала құтқарылды.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын алу мақсатында құтқарылғандардың барлығы қосымша медициналық тексеру үшін Талдықорған қаласының облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Өрттің себебі анықталуда.
Тегтер #өрт сөндірушілер #Талдықорған #тілсіз жау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz