RU
Толық нұсқаға өту
Фото: видеодан алынған кадр

Өскемен қаласындағы  зауыттардың бірінде жарылыс болды

05.05.2026, 09:19 348

Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын аумағында апат болды, деп хабарлайды 24KZ.

Ведомство дерегіне сәйкес, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы таралып жатыр.

— Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі келіп, жұмыс істеп жатыр. Оперативтік штаб құрылды. Қазір мамандар зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Өскемен әуежайы жоғары баға үшін жауапкершілікке тартылғанын жаздық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz