Өскеменде жарылыс болды: 2 адам ауыр халде жатыр

Фото: видеодан алынған кадр

Өскеменде «Қазцинк» зауыты аумағындағы шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды «24kz».

Ғимараттың бір бөлігі  қирады. 9 адамға медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауыр  халде ауруханаға жеткізілді. Ал біреуіне зауыт басында реанимациялық көмек көсетілген. Оқиға орнында 10 техника мен 40 маман жұмыс істеп жатыр.

Қазір өрт оқшауланды. ТЖМ жанынан жедел штаб құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.