Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазцинк» компаниясындағы жағдай бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды «24KZ»
Ол Үкімет отырысы басталмас бұрын Төтенше жағдайлар және экология министрліктеріне, сондай-ақ облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдап, нәтижелері туралы өзіне баяндауды тапсырды.
«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», – деді Премьер-министр.
Өскеменде «Қазцинк» компаниясында жарылыс болғанын бұған дейін айтқан болатынбыз.
Тегтер #Өскемен #төтенше жағдай #жарылыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz